Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Баланың даму ерекшеліктері анықталған жағдайда, ол Даму және ерте араласу орталығына жіберіледі. Бұл орталықтарда балаға педиатр, патронаж мейіргері, реабилитолог, логопед, психолог және басқа да мамандардан құралған мультидисциплинарлық топ тарапынан кешенді қолдау көрсетіледі.
Бір жылдың ішінде Даму және ерте араласу орталықтарында 72 мыңнан астам бала консультация алды. Аталған үлгіні енгізу нәтижесінде ерте кезеңдерде даму бұзылыстарын анықтау көрсеткіші 21,5%-ға артты.
ДЕАО-ның желісін кеңейту балалар денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады және уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, мүгедектік қаупін төмендетуге, сондай-ақ әрбір баланың толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Осыған дейін Алматы перзентханаларында биыл ана өлімі тіркелмегені туралы жаздық.