Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қоғамдық кеңестің №5 комиссия отырысында «Спорттық нысандар дирекциясы» ЖШС бас директоры Есет Байтасов Алматыда әлемдік деңгейдегі екі әншінің халықаралық гастрольдік туры аясында өнер көрсетуі мүмкін екені жөнінде алдын ала ақпарат берген.
Алайда қазіргі уақытта Эминем мен Шакираның концертіне қатысты ресми құжат жүзінде бекітілген келісімдер жоқ екені белгілі болды.
– Аталған ақпарат таныстыру сипатында ғана айтылған және іс-шаралардың өтетінін білдірмейді. Қазіргі таңда мәселе пысықталып жатыр. Ресми келісімдер жасалған жоқ, күні мен орны да бекітілмеді. Тиісті барлық келіссөз аяқталғаннан кейін ресми ақпарат қосымша беріледі, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Айта кетейік, 2025 жылы Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өткен еді.