Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысындағы Ақкөл ауданының тұрғыны баланы емізіп отырып ұйықтап қалған. Сәби тұншығып көз жұмды.
Сот материалдарына сәйкес, ол қонақтан мас болып келген. Кейін сәбиін емізіп отырып ұйықтап қалған.
Оянған кезде әйел баласының қимылсыз жатқанын байқаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер нәрестенің тұншығып қайтыс болғанын анықтаған.
Сотта әйел кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Сот шешімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.