“Эмми 2026” жеңімпазы кім болды лауреаттар тізімі

15.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Лос-Анджелесте 78-ші "Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Кештің басты триумфаторы Apple TV+ ұсынған "Бухта вдов" сериалы болды, ал Мэттью Рис бірден бірнеше тарихи жетістікке қол жеткізді. Tengri Life салтанатты шараның басты оқиғалары мен негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар туралы баяндайды.

"Эмми" сыйлығының басты оқиғалары

Los Angeles Times басылымының хабарлауынша, 2026 жылғы "Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімі 14 қыркүйектен 15-іне қараған түні Лос-Анджелесте өтті. Кеш тізгінін "Заң мен тәртіп: Арнайы корпус" сериалының жұлдызы Мариска Харгитей ұстады, ал Мэттью Макконахи мен Вуди Харрельсон марапаттардың бірін табыстау үшін сахнаға арнайы қонақ ретінде шыққан.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Variety (@variety)

Өткен рәсімде Apple TV+ компаниясының "Бухта вдов" комедиялық сериалы бірнеше марапатты, соның ішінде үздік сериал және актерлік құрам номинацияларын жеңіп алды, ал Мэттью Рис бір маусым үшін екі актерлік номинацияда жеңіске жетті.

HBO Max-тың "Питт" медициналық драмасы қатарынан екінші рет "Үздік драмалық сериал" санатында топ жарды, сондай-ақ онда басты рөлді сомдаған Ноа Уайл да сыйлыққа ие болды.

Драмалық санаттардағы басқа жеңімпаздардың қатарында Риа Сихорн ("Көптің бірі"), Эллисон Дженни ("Дипломат әйел") және Том Пелфри ("Міндет") бар.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Apple News (@applenews)

Жеңімпаздардың толық тізімі Үздік драмалық сериал

"Питт" (HBO Max)

Үздік комедиялық сериал

"Бухта вдов" (Apple TV)

Реалити-шоу бағдарламасы

"Сатқындар" (Peacock)

Үздік ойын-сауық бағдарламалар сериясы

"Стивен Кольбермен бірге кешкі шоу" (CBS)

Драмалық сериалдағы үздік актер

Ноа Уайл, "Питт"

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Fabinho Dantas Flappers (@fabiodantasflappers)

Драмалық сериалдағы үздік актриса

Рея Сихорн, "Көптің бірі"

Комедиялық сериалдағы үздік актер

Мэттью Рис, "Бухта вдов"

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Celeb Style Talk (@celebstyletalk)

Комедиялық сериалдағы үздік актриса

Джин Смарт, "Қулықтар" (Хитрости)

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Yahoo Entertainment (@yahooentertainment)

Мини-сериалдағы немесе антологиялық сериалдағы үздік актриса

Салли Филд, "Ғажайып жарқын жаратылыстар"

Мини-сериалдағы немесе антологиялық сериалдағы үздік актер

Мэттью Рис, "Мендегі хайуан"

Комедиялық сериалдағы екінші пландағы үздік актер

Стивен Рут, "Бухта вдов"

Драмалық сериалдағы екінші пландағы үздік актер

Том Пелфри, "Міндет"

Комедиялық сериалдағы екінші пландағы үздік актриса

Кейт О'Флинн, "Бухта вдов"

Драмалық сериалдағы екінші пландағы үздік актриса

Эллисон Дженни, "Дипломат әйел"

Комедиялық сериал режиссурасы

Хиро Мурай, "Бухта вдов"

Драмалық сериал режиссурасы

Саул Мецштейн, "Баяу аттар"

Комедиялық сериалдың үздік сценарийі

Кэти Дипполд, "Бухта вдов"

Драмалық сериалдың үздік сценарийі

Винс Гиллиган, "Көптің бірі"

Тағы оқыңыз: Вьетнамда әлемдегі ең сұлу ару таңдалды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью