Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
- Тәжікстан үшін су энергетиканы және басқа да таза энергия көздерін дамыту стратегиялық басымдық саналады. Қазіргі жағдайда экологиялық инвестицияларды жұмылдыру және жасыл өсуді қолдайтын нарықтық тетіктерді енгізу ерекше маңызға ие. Осыған байланысты Тәжікстан Үкіметі жасыл облигациялар шығаруды жүзеге асырады. Бұл елдің жаһандық тұрақты климаттық қаржыландыру жүйесіне кірігу жолындағы маңызды қадамы. Шығарындыларды қысқарту жөніндегі күш-жігерді қолдау және жаңа инвестициялар тарту мақсатында өңірлік көміртек нарығын кезең-кезеңімен құру мүмкіндігін қарастыру орынды деп санаймыз, - деді Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон.
Сонымен қатар ол биологиялық ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану қоршаған орта мәселелерін шешудегі ең маңызды қадамдардың бірі саналатынын баса айтты.
- Осыған орай, Тәжікстанда 2040 жылға дейінгі кезеңге арналған елді көгалдандыру жөніндегі нақты бағдарлама қабылданды. Ол орман экожүйелерін қалпына келтіру мақсатында 1 миллиардтан астам ағаш отырғызуды көздейді. Тәуелсіздік жылдары ішінде республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 2,5 пайыздан 22 пайызға дейін артқанын атап өткен жөн, - деді Тәжікстан Президенті.
Айта кетейік, бірнеше елдің Президенті қатысып жатқан Өңірлік экологиялық саммит «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен өтуде.