Ең ұзын студент диплом алды

09.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Аяжан бес жасынан бас­тап волейболға қатысып, үлкен жетістіктерге жеткен-ді. Тыным­сыз еңбек, жүйелі жаттығуының нәтижесінде еліміздің 3 дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанған.

Еске салсақ, шығыстың «Алтай» волейбол командасында, батыстың «Ақтөбе» командасында сәтті ойын көрсетті. 2025 жылдан бастап Аяжан өз бағытын баскетбол спортына бұрып, қазіргі таңда Алматы қаласының «Томирис» баскетбол клубында өнер көрсетіп жүр.

«Бүгін қолыма дипломымды алып, үлкен өмірге қадам басып отырмын. Осы уақыт ішін­де білім берген, ілім берген ұс­таздарыма, университет ұжы­мына алғысымды айтамын. Ендігі кезекте алған білімімді елдің дамуына қосамын», дейді университет түлегі Аяжан Амангелдиева.

Аяжанның оқу мен спортты қатар алып жүруі – барша жасқа үлкен үлгі. Аталған университет ұжымы осындай талантты жастарға әрқашан қолдау көрсетіп, олардың армандарына жетуіне жағдай жасап отыруға тырысады.

Айтулы күнде Аяжанды оқуын сәтті аяқтауымен ұстаз­да­ры да құттықтап, спорттық және кәсіби мансабында биік шың­дарды бағындыра беруін тіледі. Осылайша, еліміздің ең ұзын бойлы түлегі дипломын алып, еңбек жолын бастауға бет бұрды.

Өскемен 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью