Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Синоптиктер температура бойынша деректерді жаңартып, 19 ақпанда Алматыда 1859 жылдан бергі ең жылы күн тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер температура бойынша деректерді жаңартып, 19 ақпанда Алматыда 1859 жылдан бергі ең жылы күн тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 19 ақпанда ауа температурасы +23,6 градусқа дейін көтерілген. Бұған дейінгі абсолют рекорд +19 градус 1979 жылғы 17 ақпанда тіркелген еді.
Еске салайық, Алматы 16 ақпаннан бастап күн жылына бастады: сол күні ең жоғары температура +14,5 градусқа жетті.
Алматы және Алматы облысы бойынша "Қазгидромет" филиалының метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Дәулет Кесебаевтың айтуынша, қазіргі синоптикалық жағдай "жылудың кең ауқымда таралуы" деп аталады. Бұл - оңтүстік-батыс және оңтүстік бағыттағы желдер арқылы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне жылы ауа келіп, кейін оның тропосфераның барлық қабатына кеңінен таралу үдерісі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться