Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Еңбек еленбей қоймайды. Шаруашылықтың жай-жапсарын жетік меңгерген қарапайым еңбек адамы, шаруа қожалығының басшысы, Абай облысы мәслихатының депутаты Мамырбек Қарашевқа Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» ордені берілді. Жоғары мемлекеттік награданы Абай облысының әкімі Берік Уәли тапсырды.
«Егістік алқаптарында бидай, арпа, сұлы және күнбағыс өсірілсе, қосымша көпжылдық шөптер де егіледі. Сонымен қатар қожалықта мал шаруашылығы да жүйелі түрде дамып келеді. Жалпы, мал басы өсіп, 752-ге жетті. Оның ішінде 40 ірі қара, 500 жылқы, 200 қой-ешкі ,12 түйе бар. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы да нығайды. Қожалық қарамағында 60-қа жуық ауыл шаруашылығы техникасы, оның қатарында 30 трактор, 6 комбайн, «Джуля» себу кешені, тұман бүріккіші, «АГС» маркалы топырақ тегістегіштер мен «Макино» сығымдағыштары бар», дейді шаруашылық басшысы.
Мамырбек Қарашев ауылдың әлеуметтік дамуына да ерекше көңіл бөліп келеді. Оның жеке қаражаты есебінен ауылдық клуб, мешіт және қатымхана салынып, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар серіктестік қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да тұрақты қолдау көрсетеді.
Еңбекке адалдық пен елге жанашырлықтың үлгісін көрсетіп жүрген азаматтың бұл жетістігі – ауыл шаруашылығы саласындағы табанды еңбектің, ел игілігіне бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрінісі болса керек.
Абай облысы