Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Сурет: astanatv.kz
Партияның республика бойынша 17 облыстық, 29 қалалық, 109 аудандық штабы жұмыс істейді. Олар сайлаушылармен тікелей байланыс орнатып, үгіт-насихат жұмысын үйлестіреді.
Павлодар қаласында ҚХП өкілдері «СтеклоМир», «Тотал-Сервис», «ENERGY SERVICE – PVL» кәсіпорындарының қызмет-
керлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Нұрсұлтан Шоқанов партия үшін еңбек адамын қорғау негізгі басымдықтардың бірі екенін айтты.
«Біз өндіріс ұжымдарымен тұрақты кездесіп, олардың қандай қиындыққа тап болатынын көріп жүрміз. Артық жұмыс уақыты тиісті деңгейде есепке алынбайды. Еңбек қауіпсіздігі мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Жұмысшылар түрлі күрделі жағдайға тап болады. Біз бұлай болмауы керек деп санаймыз», деді партия төрағасы.
Кандидаттар Павлодардың бірегей кеме жөндеу зауытына жерін алып қою және кәсіпорынның жұмысын тоқтату қаупі төнген кезде ҚХП дабыл қаққанын еске салды. Сонымен қатар ұсынып отырған әлеуметтік реформалары мен еңбек құқығын қорғауға бағытталған бастамаларын таныстырды. ҚХП еңбек инспекцияларының өкілеттігін күшейтуді, жалақыны инфляция деңгейіне сай тұрақты индекстеуді, өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қатаң бақылауды ұсынады.