Еңбек министрлігі 432 500 теңге біржолғы төлем берілетіні туралы ақпаратқа жауап берді

26.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ, белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмаған.

"Мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар жеке дерекке қол жеткізу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәлімет тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында жарияланады. Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", - деді министрлік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью