Еңбек министрлігі аналарға берілетін әлеуметтік төлемдерге қатысты қауесеттерге жауап берді

19.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленетінін еске салды.

"Аталған жәрдемақылар шартсыз, және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді", - деп атап өтті Еңбекмині.

Ал тұрақты жұмысы бар ата-аналарға бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлем мөлшері бала туған күнге дейінгі кейінгі 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

"Әлеуметтік кодекс нормаларына сәйкес, аталған төлемдерді жұмысқа шығуына байланысты тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асырылады", - делінген таратылған хабарламада.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен паблик әкімшілері ресми мәлімдемелерді түсіндіруге мұқият қарап, азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін тақырыптар мен тұжырымдардан аулақ болуы қажет, деп баса айтты министрліктегілер.

"Азаматтарды уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне ғана сүйенуге шақырамыз. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей бейінді ведомстволарға жүгінген жөн", - деп толықтырды Еңбекмині.

Мән-жайы

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ыстықта көшеде қолында сәбиі, арқасында жеткізу қызметінің үлкен рюкзагі бар әйелдің суреті тарап кеткен болатын.

Журналистердің айтуынша, сурет Алматыда түсірілген. Резонанс тудырған жарияланымнан кейін қазақстандықтар бұл әйелге көмектесу үшін оны бірнеше күн бойы іздеді.

Фотоға түсіп қалған қазақстандық әйел мен оның отбасының әлеуметтік жағдайы туралы кеше журналистерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтып берді. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью