Еңбек министрлігі: eGov арқылы өтініш беру төлемнің автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Әлеуметтік көмек – мемлекеттің атаулы қолдау шарасы және белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келетін, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға ғана көрсетіледі.

eGov порталы уақытша жұмыс істемейді

Министрліктің хабарлауынша, көмек тағайындау қолданыстағы заңнамада және мәслихаттардың шешімдерінде айқындалған негіздер бойынша жүзеге асырылады, белгіленген талаптарға сәйкестігі құжат жүзінде расталған жағдайда ғана мүмкін болады.

«eGov порталы арқылы өтініш беру – әлеуметтік көмекке жүгінудің бір тәсілі ғана және оның автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді.

Көмек алушы санаттардың тізбесі, көмекті көрсету шарттары және қажетті құжаттар тізімі әр өңірде мәслихаттар тарапынан жеке-жеке бекітіледі және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады», делінген хабарламада.

Барлық түскен өтініштер жергілікті атқарушы органдарда белгіленген тәртіппен қаралады.

Әлеуметтік көмек майшелпек емес

Сала министрлігі азаматтарды ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырып, жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапқа тартылатынын еске салады.

Қаңтарда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Соңғы жаңалықтар

Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?

Экспорт • Бүгін, 17:52

Еңбек министрлігі: eGov арқылы өтініш беру төлемнің автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді

Қоғам • Бүгін, 17:46

Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады

Елорда • Бүгін, 17:40

Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін

Қоғам • Бүгін, 17:34

Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты

Оқиға • Бүгін, 17:22

Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды

Аймақтар • Бүгін, 17:21

Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады

Тарих • Бүгін, 17:13

Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады

Ғылым • Бүгін, 17:11

Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады

Қысқы спорт • Бүгін, 17:05

Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:52

Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді

Оқиға • Бүгін, 16:43

Қазақстан неге жерасты суының 3-4%-ын ғана пайдаланып отыр?

Қоғам • Бүгін, 16:35

«Ел жанашыры» төсбелгісін таратқан меценатқа айыппұл салынды

Қоғам • Бүгін, 16:22

Жаңа Конституция – орнықты экономикалық өсімнің іргетасы: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуал жөніндегі кеңес өткізді

Үкімет • Бүгін, 16:17

Дрондар Алматы полициясына қалай көмектеседі?

Қоғам • Бүгін, 16:09

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью