Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Министрліктің түсіндіруінше, бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақылар шартсыз негізде беріледі және алушының кейін жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық көлемде төленеді.
Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, тұрақты жұмысы бар ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем қарастырылған. Оның мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, мұндай төлемдерді жұмысқа шыққан кезде тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асырылады.
– Бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер мен паблик әкімшілерін ресми мәлімдемелерді түсіндіруге мұқият қарауға және азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін тақырыптар мен тұжырымдардан аулақ болуға шақырамыз. Азаматтарға тек уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне сүйенуді ұсынамыз. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей тиісті ведомстволарға жүгінген жөн, – деп қорытындылады Еңбек министрлігінде.
Естеріңізге салайық, сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты қоғамда қызу пікір туындаған болатын. Осы мәселеге қатысты құзырлы орган жауап берген болатын.