Еңбек министрлігі жаңа Конституциядағы еңбек демалысына қатысты қауесетке жауап берді

20.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әлеуметтік желілерде жаңа Конституция жобасындағы жұмысшылардың құқығы туралы бап талқыланып жатыр. Бұл ақпаратқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жаңа Конституция жобасындағы жұмысшылардың құқығы туралы бап талқыланып жатыр. Бұл ақпаратқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданушылар жаңа Конституция жобасының 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада "демалыс" сөзінің алдында "жыл сайынғы" деген сөз жоғын жазып жатыр.

"Конституция азаматтардың құқығы мен еркіндігінің негізгі қағидаттары мен кепілдіктерін бекітіп, олардың іргелі сипатын айқындайды. Бұл құқықтардың нақты мазмұны мен іске асыру тетіктері салалық заңнамада белгіленеді. 27-бап жобасы демалыс құқығын заңмен кепілдендірілген әлеуметтік құқық ретінде бекітеді. Демалыс - осы құқықты жүзеге асырудың бір нысаны. Оның ұзақтығы, берілу жиілігі, беру тәртібі және өзге де шарттары еңбек заңнамасымен реттеледі", - деп атап өтті Еңбек министрлігі.

Министрлік Қазақстанның Еңбек кодексінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тікелей көзделгенін, оның ұзақтығы, беру тәртібі және қандай жағдайда берілмейтіні нақты көрсетілгенін еске салды.

"Сонымен қатар, Еңбек кодексінде "демалыс" деген ұғым бірнеше түрді қамтиды: жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, әлеуметтік демалыстар және заңда қарастырылған жұмыстан босатудың басқа да түрлері. Сондықтан Конституция жобасындағы бұл тұжырым заң тұрғысынан дұрысырақ", - делінген таратылған хабарламада.

Министрлік бұл нормалар қолданысы күшінде екенін және жаңа Конституция редакциясының жобасына қайшы келмейтінін нақтылады.

"Конституциядағы сөз тіркесі жаңарғанымен, бұл жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жойылады деген сөз емес. Сондай-ақ, еңбек заңдары өздігінен, автомат түрде өзгеріп кетпейді. Сондықтан тек ресми ақпаратқа сүйеніп, дәлелсіз қорытынды таратпауды сұраймыз", - деді Еңбек министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью