Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңдарда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Делегация құрамында Сенат депутаты Серік Өтешов, Мәжіліс депутаттары Бауыржан Смағұлов, Арман Қалықов, Тілектес Адамбеков, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары мен азаматтық қоғам өкілдері болды.
Коалиция мүшелері алдымен «Qarmet» АҚ-ның «Тентек» шахтасының ұжымымен кездесті. Көмір өндіру саласындағы маңызды өндірістік кәсіпорында еңбек және әлеуметтік құқықтарға қатысты өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Кездесуге 400-ден астам қызметкер қатысты.
Жиын барысында сенатор Серік Өтешов жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздеріне тоқталды.
«Жаңа Конституция азаматтардың құқығы мен бостандығын нығайтуға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және әділ басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Оның негізінде адамның мүддесі басымдыққа ие болуы және биліктің ашықтығы қағидалары жатыр. Әлеуметтік кепілдіктер мен қоғамдық бақылау механизмдеріне де ерекше көңіл бөлінді», деді сенатор.
Содан кейін Коалиция мүшелері 300-ге жуық әлеуметтік сала қызметкерімен Ата Заң жобасын талқылады. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды. Делегация өкілдері барлық сауалға нақты жауап беріп, конституциялық реформалардың мән-маңызын егжей-тегжейлітүсіндірді.
Келесі кездесу Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары және студенттерімен өтті. Жиынға 300-ге жуық адам қатысты. Іс-шарада Мәжіліс депутаты Бауыржан Смағұлов жаңа Конституция жобасында азаматтар мен мемлекеттің міндеттері арасындағы теңгерім қамтылғанына назар аударды. Атап айтқанда, тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасау, тарих пен мәдениет мұраларын қадірлеу сынды Қазақстан азаматтарының міндеттерін жұртшылық жылы қабылдады.
«Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келеді. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағдарланған мемлекеттік институттардың неғұрлым тұрақты әрі тиімді моделін қалыптастырады», деді халық қалаулысы.
Бұдан кейін коалиция мүшелері бюджеттік сала қызметкерлері: дәрігерлер, педагогтар және әлеуметтік сала мамандарымен жүздесті. Оның барысында қатысушыларға жаңа Конституцияның негізгі нормалары түсіндіріліп, адам құқығы мен бостандығын нығайту, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы және билік институттарының әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бағыттары айтылды.
Осакаров ауданының Мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға жаңа құжаттағы өзгерістерді жан-жақты талқылауға 200-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріжиналды. Олар заңдылық, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын нығайту және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту бойынша сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.
Нұра кентінде диалог көпсалалы колледж ұжымы мен аудандық медицина қызметкерлерімен жалғасты. Іс-шарада бюджет саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын кеңейту, шешім қабылдау процесінің ашықтығын арттыру және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін күшейту мәселелері қаралды. Сондай-ақ «Қаратал» КМП ұжымымен кездесу өтті. Оның барысында еңбек және әлеуметтік кепілдіктер, халықтың реформаларды жүзеге асыру үдерісіне қатысу тетіктері түсіндірілді.
«Еңбек ұжымдарымен түсіндіру жұмыстары азаматтарды жаңа конституциялық ережелер туралы хабардар етіп қана қоймай, реформаларды іске асыру кезінде олардың нақты қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді. Ашық диалог қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады», деді Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков.
Бұдан кейін коалиция өкілдері Саран қаласында бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынның ұжымымен кездесу өткізді. Атап айтқанда, «ТЭМПО КАЗАХСТАН» ЖШС, «Silk Road Electronics» ЖШС және «QazTehna» ЖШС қызметкерлерімен мазмұнды диалог ұйымдастырылды. Сонымен қатар Коалиция мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Онда азаматтардың референдумға қатысуы, ашық коммуникация және қоғамның анық ақпарат алуының мемлекет болашағын қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы 12 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300-ге тарта қоғамдық ұйым кірді. Олар шамамен 5 миллион қазақстандықты біріктіреді.
Соңғы жаңалықтар
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10