Еңбек вице министрі ең төменгі айлық 150 мың теңге болатыны туралы мәлімдемеге түсінік берді

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

- Жақында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин «біздің мақсатымыз – ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеруге тырысу» деп айтты. Бірақ мен бұл жерде мынаны түсіндіріп өтейін: жалпы қазіргі 85 мың теңгеден көтеру жағын Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп нақты жоспарда белгілеп қойдық. Оның мерзімі бар. Қазір талқылау жүріп жатыр. Талқылаудан кейін ортақ шешімге келуіміз керек. Біздің өзіміздің есептеріміз дайын. Талқылау, пысықтау кезінде өз ұсыныстарымызды береміз, - деді ол.

Вице-министр жалпы жоспар бар екенін жеткізді.

- Бірақ қаншаға көтерілетінін нақты айта алмаймын. Себебі пысықтап, талқылау керек, - деді Асқарбек Ертаев.

Еске салсақ, Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин Үкіметтің алдында ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру міндеті тұрғанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью