Енді археологтерга роботтар көмектеседі

12.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Инновациялық жоба «ALEM TECH FEST 2026» чемпионатында таныстырылды. Осымен 6-шы рет өтіп жатқан додаға 5 мыңнан астам өнертапқыш қатысып жатыр. 

Орталық Азияның ең үздік мектеп оқушылары биыл археология тақырыбында жұмыс атқарды.

Оқушылар көне жәдігерлерді зерттеп, ғалымдардың жұмысын жеңілдететін, артефактілерді қаз-қалпында сақтайтын ақылды роботтарды алаңға шығарды.

Бұл жарыста жеңгендер АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатына аттанады.

Айта кетейік, қазақ жастары осындай додада төрт рет топ жарған еді. 

— Биылғы маусымның тақырыбы ол археология және командалар археологтерге арнайы мәселелерін тауып, сол мәселелерді инженерлік түрмен шешу керек. Ең мықты деген командалар қазір осы жақта жиналды. Осы жарыста жеңген командалар кейін үлкен халықаралық жарыстарға шығады, — деді  USTEM Robotics қорының директоры Асылбек Мырзахметов.

Айта кетелік Құстай қонысы Қытай археологиясының 2025 жылғы үздік жетістіктеріне енді

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью