Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Аталған бағыттың ашылуы жазғы әуе қатынасы кестесі аясында 2026 жылғы 29 наурызға жоспарланған.
— Рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері заманауи әрі жайлы Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты шамамен 2 сағатты құрайды. Барып-қайту әуе билеттерінің ең төменгі бағасы багажсыз шамамен 85 мың теңгеден басталады, — делінген хабарламада.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, іскерлік, туристік және отбасылық сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады.
Осыған дейін Ташкент — Атырау бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылатынын жаздық.