Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі 30 жасқа толған туған күнін Мальдив аралдарында атап өткен. Шетелдегі демалысынан жаңа суреттер жариялаған актриса өмірдегі арман-тілегін жеткізді.
«Ал енді, міне отыздамын! Жастық шақтың екінші белесіне шықтым деп еркелеп қойсам да болады. Бірақ бұл белеске мен бұрынғыдан да тереңірек жүрекпен, сабырлырақ көңілмен, айқынырақ арманмен келіп тұрмын. Енді асықпай өмір сүргім келеді. Әдемі көрінуді ғана емес, әдемі сезінуді. Бәріне ұнауды емес, өз болмысыма адалдықты, көпке танылуды ғана емес, бір адамның жүрегіне шын жылу сыйлай алуды. Армандарыма жетуді ғана емес, сол жолда өзімді жоғалтпауды… берекемен сезініп сүремін осылайша. Алла маған ұзақ әрі мағыналы ғұмыр берсін! Алтын асықтай ұлым мен гүл етіп сыйлаған қызымның бар бақытын көруді жазсын! Жақсы адамдардың ортасында, шынайы сезімдердің ішінде, өнерімнің өрісінде, өзіме де, өзгеге де мейіріммен қарай алатын қалпымда жүре берейін, Әмин. Тағы да қош келдің, әдемі жасым!» - деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.