Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер ипотекалық несие беру кезінде қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін қатаң бағалайтын болады. Бұл қадам мерзімі өткен берешек тәуекелдерін азайту мақсатында қолға алынған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, бұл табысқа қатысты қатаң шектеу енгізу дегенді білдірмейді. Дегенмен банктер әрбір азаматтың тәуекел деңгейін ескеруге міндетті болады.
«Бұл нақты бір шектеу емес. Бұл – тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы іске асатын тетік. Банктер қарыз алушының табысын бағалап, оның төлем қабілеттілігіне қарай шешім қабылдауы тиіс», деді агенттік басшысы.
2 және 5%-дық ипотека: Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және оны қалай алуға болады?
Әбілқасымованың сөзінше, ипотека бойынша жалпы тәуекел деңгейі төмен болғанымен, 2020 жылдан кейін берілген несиелер бойынша мерзімі өткен төлемдер саны артып келеді. Әсіресе жоғары пайыздық кезеңде рәсімделген ипотекаларда тәуекелдің өскені байқалған.
«Соңғы жылдары жоғары пайыздық мөлшерлеме кезінде берілген ипотекалар бойынша тәуекел көрсеткішінің артқанын көріп отырмыз. Сондықтан банктерге тәуекелі жоғары қарыз алушыларға несие бермеу жөнінде нақты талап қойылып отыр», деді ол.
Бұл өзгеріс іс жүзінде табысы төмен азаматтар үшін нарықтық ипотекаға қолжетімділіктің қиындай түсуіне әсер етуі мүмкін. Дегенмен реттеуші орган тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бағытындағы қосымша шаралар да қатар қарастырылып жатқанын атап өтті.
Агенттік басшысының айтуынша, қазіргі таңда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар әрдайым нақты мұқтаж азаматтарға бағыттала бермейді.
«Жеңілдетілген ипотекалық өнімдерге әртүрлі санаттағы азаматтар қол жеткізіп отыр, олардың ішінде нарықтық шарттармен де несие ала алатындар бар. Сондықтан бұл бағдарламалардың мақсатты бағытталуын күшейту қажет», деді Мәдина Әбілқасымова.
Билік ендігі уақытта мемлекеттік қолдауды шын мәнінде ипотека ала алмайтын, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға бағыттауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін дамыту және коммерциялық банктер арқылы нарықтық ипотеканы жетілдіру көзделген.
Мамандардың пікірінше, негізгі мақсат – ипотекалық саясатты теңгерімді ету: тұрғын үйдің қолжетімділігін сақтау, бағаның шамадан тыс өсуіне жол бермеу және халықтың артық қарыз жүктемесіне түсуінің алдын алу.
Соңғы жаңалықтар
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:45
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді
Заң • Бүгін, 16:22
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:01
Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қаржы • Бүгін, 15:56
Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:46
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
Партия • Бүгін, 15:30
Астанада заманауи зертханалық кешен құрылады
Елорда • Бүгін, 15:12
Дәрілік заттарды тіркеу және нарыққа шығару ісі жеделдетіледі
Медицина • Бүгін, 14:55
Көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану: Бейнебақылау камералары қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 14:50
Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
Президент • Бүгін, 14:38
Мешіттен 175 мың теңгелік аяқ киімді ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Аймақтар • Бүгін, 14:15
Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды
Волонтер • Бүгін, 13:55
Атыруда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған
Технология • Бүгін, 13:42
Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды
Елорда • Бүгін, 13:33