Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
23 сәуірден бастап елордада жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер тек айыппұлмен шектелмейді. Енді көлікті эвакуациялау мен айыптұрақта сақтау үшін де ақы төлеуге міндетті болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: depositphotos.com/ALesik
Қалалық мәслихат бекіткен жаңа тарифтерге сәйкес, көлікті эвакуациялау құны 3 АЕК – 12 975 теңге болады. Бұл қызметті Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы жүзеге асырады.
Бұған қоса, бұрын тегін болған айыптұрақтағы сақтау қызметі де ақылы жүйеге көшеді. Тариф көлік түрі мен тұрған уақытына байланысты есептеледі:
Мотоциклдер үшін: бірінші күн – 1 АЕК (4 325 теңге), кейінгі әр күн – 2 АЕК (8 650 теңге); Квадроциклдер үшін: бірінші күн – 1,5 АЕК (6 487 теңге), кейін – 3 АЕК (12 975 теңге); Жеңіл көліктер үшін: бірінші күн – 3 АЕК (12 975 теңге), кейін – 5 АЕК (21 625 теңге); 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бірінші күн – 5 АЕК (21 625 теңге), кейін – 7 АЕК (30 275 теңге); Тіркемелер (0,75 тоннаға дейін): бірінші күн – 2 АЕК (8 650 теңге), кейін – 4 АЕК (17 300 теңге); 3,5 тоннаға дейінгі тіркемелер: бірінші күн – 5 АЕК (21 625 теңге), кейін – 7 АЕК (30 275 теңге).Жауапты басқарма өкілдерінің айтуынша, көлік ірі болған сайын тариф те жоғарылайды. Жаңа тәртіптің басты мақсаты – эвакуация қызметі саласында ашықтықты қамтамасыз ету.
Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады
Айыптұрақты ақылы ету мәселесі бұрын да көтерілген. 2018 жылы қала әкімдігі айыптұрақтарды ақылы ету қажеттігін айтқан. Себебі коммуналдық тұрақтар бюджет есебінен ұсталып, жыл сайын оған ондаған миллион теңге жұмсалған, әрі тұрақтардың шамадан тыс толуы өзекті мәселеге айналған.
Мамандардың пайымынша, ақылы жүйе енгізілсе, көлік иелері автокөлігін тезірек алып кетуге мүдделі болады, осылайша тұрақтағы орын тапшылығы азаяды. Алайда бұл ұсыныс сол кезде іске аспай қалған.
Соңғы жаңалықтар
24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді
Аймақтар • Бүгін, 15:37
112 мың теңге: Ел азаматтарының орташа айлық шығыны есептелді
Қоғам • Бүгін, 15:24
Батыс Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр
Аймақтар • Бүгін, 15:14
Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 15:00
Жәрдемақы көлемі арта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:53
Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Президент • Бүгін, 14:36
Сергей Ткаченко Польшада топ жарды: Ел қоржыны тағы үш медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 14:28
Жерді жойқын магниттік дауыл басады: Ғалымдар ескерту жасады
Оқиға • Бүгін, 14:20
Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап
Қоғам • Бүгін, 13:58
Қоғам • Бүгін, 13:45
30 млн теңгеге пәтер алу үшін қанша табыс керек?
Экономика • Бүгін, 13:38
Қоғам • Бүгін, 13:35
Көпвекторлық 2.0: Президент Тоқаев Қазақстанның сыртқы саясатын қалай қайта құрды?
Үкімет • Бүгін, 13:22
Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер
Саясат • Бүгін, 13:17
Сағындық Қожамсейітов: Ғибратты ғұмыр белестері
Аймақтар • Бүгін, 13:10