Енді ЕО дағы әуе жолаушыларының жаңа құқықтары бар не өзгерді

08.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еуропарламент әуе жолаушыларының құқықтарына қатысты жаңа жалпыеуропалық ережелерді мақұлдады, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Жаңа ережелерді Еуропарламент депутаттарының басым көпшілігі қолдап, дауыс берді.

Не өзгереді: Балалы жолаушылар үшін қатар тұрған орындар тегін беріледі. Енді ата-аналар ұшақта балаларының қасына тегін орын брондай алады. Бұл сондай-ақ жүріп-тұруы шектеулі жандарды алып жүретін жолаушыларға да қатысты. Билет құны жасырын төлемсіз көрсетіледі. Әуе компаниялары қол жүгін тасымалдау құны қосылған бағаны автоматты түрде көрсетуге міндеттеледі. Бұл тұтынушылар үшін бағаларды салыстыруды жеңілдетпек. Билеттегі есімді түзету тегін болады. Рейс кешіккен жағдайда өтемақы төлеу тәртібі сақталады. Мәселен, егер ұшақ тасымалдаушының кінәсінен үш сағаттан астам уақытқа кешіксе, жолаушылар ұшу қашықтығына байланысты 250-ден 600 еуроға дейінгі төлемді талап ете алады. Осындай өтемақылар рейс 14 күннен аз уақыт қалғанда әуе компаниясының кінәсінен тоқтатылған жағдайда да қарастырылған. Жолаушылардың өтемақы талап етуіне 9 ай уақыты болады. Содан кейін әуе компаниясы 30 күнтізбелік күн ішінде ақшаны төлеуге немесе өтемақының неліктен мүмкін еместігін жазбаша түсіндіруге міндетті. Жаңа ережелерге сәйкес, егер кешігуге жолаушылардың агрессивті мінез-құлқы, қолайсыз ауа райы, табиғи апаттар, әуежай қызметкерлерінің немесе жердегі қызмет көрсету бөлімдерінің ереуілдері себеп болса, әуе компаниясы жауапкершілік алмайды. Баламалы бағыттар. Жолаушылар баратын жеріне дейін баламалы тасымал түрін таңдауға құқылы. Олар: соңғы нүктеге жақын орналасқан басқа әуежайға рейс, басқа бағыт бойынша ұшу, өзге әуе компаниясының рейсі немесе пойызбен бару болуы мүмкін. Әуе компаниясы мұндай балама нұсқаны 3 сағат ішінде ұсынуға міндетті. Егер бұл орындалмаса, жолаушы әрі қарайғы сапарын өз бетінше ұйымдастыруға құқылы, ал әуе компаниясы шығындарды бастапқы билет құнының 400 пайызыына дейінгі мөлшерде өтеуі тиіс.

Ережелер күшіне енгеннен кейін әуе компанияларына оларды енгізу үшін 12 ай уақыт беріледі. Осылайша, олар 2027 жылдың жазында толықтай іске қосылуы тиіс.
Еске сала кетейік, Қазақстанда әуе жолаушыларының дербес деректерін түзету процедурасы жеңілдетілді - енді билеттегі мардымсыз қателер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Жаңа ережелер 2026 жылдың басынан бастап қолданысқа енді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью