Енді ғимараттарды пайдалануға беру үшін өрт қауіпсіздігі қорытындысы қажет

21.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанда объектіні қабылдау және пайдалануға бермес бұрын оның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алуды міндеттеуді көздейтін азаматтық қорғау саласындағы жаңа талап күшіне енеді.

— Бұл міндет құрылысқа тапсырыс берушіге жүктеледі және адамдар көп жиналатын нысандарға, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарға, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерге де қолданылады. Қорытынды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері дайын нысанда жүргізілген өрт-техникалық тексерудің нәтижесі бойынша беріледі, — делінген комитет хабарламасында.

Қорытындыны беру тәртібі мен оның нысаны «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 359 және «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының нысанын бекіту туралы» 2025 жылғы 6 тамыздағы № 309 бұйрықтарымен бекітілген. Аталған нормативтік құқықтық актілер ашық қол жеткізуде орналастырылған.

Қорытынды беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет форматында электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын болады.

Бұдан бұрын Астанада тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіліп жатқанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью