Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
19 наурыздан бастап еліміздегі екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысады. Енді салымшылар екінші деңгейлі банктерде тұрғын үй үшін қаржы жинай алады. Ал банктерге осы жүйе аясында несие беруге рұқсат етіледі, деп жазады Egemen.kz.
Фото: informburo.kz
Аталған өзгерістерге сәйкес, банктерге тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу үшін арнайы жеке лицензия алудың қажеті жоқ. Сонымен қатар коммерциялық екінші деңгейлі банктерде ашылған депозиттерге жыл сайын берілетін мемлекеттік сыйлықақы есептелмейді.
Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен берілетін қарыздың пайыздық мөлшерлемесі тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасалған кезде белгіленеді және келісімшарттың толық мерзімі бойы өзгеріссіз қалады.
Сонымен қатар Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов коммерциялық екінші деңгейлі банктердің бұл бағытта «Отбасы банкпен» бәсекеге түсе алатынына күмән келтіретінін айтты. Сарапшының пікірінше, лайықты бәсеке үшін коммерциялық екінші деңгейлі банктердің экономикалық жағдай «Отбасы банкпен» теңеспейді.
Десе де сарапшы қаржы институттары үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысу қор тарту көздерін әртараптандыру, өнімдер желісін кеңейту және жаңа клиенттер тарту тұрғысынан әлеуетті әрі қызықты болуы мүмкін екенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
Жаңа Конституция ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік әділеттіліктің құралына айналады
Ата заң • Бүгін, 15:28
Шымкентте аудан әкімі ер адамды соққыға жықты: Тәртіптік іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:03
Астанада 18 мыңнан астам бала бір мезетте асық ойнады
Руханият • Бүгін, 15:02
Мемлекет басшысы: Ата заң – бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы
Президент • Бүгін, 14:57
Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады
Президент • Бүгін, 14:51
Тоқаев: Жаңа Конституция Қазақстанның жаңа дәуіріне жол ашады
Президент • Бүгін, 14:46
Президент: Жаңа Халық Конституциясы – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат
Президент • Бүгін, 14:34
Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Президент • Бүгін, 14:15
Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:49
Таяу Шығыстағы шиеленістің әсері: Формула-1 жарыстарының екі кезеңі өткізілмейді
Әлем • Бүгін, 13:38
Тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: Сұраныс неге екі есеге азайды?
Қоғам • Бүгін, 13:18
Digital Nauryz: Өңірлерде ЖИ бойынша оқыту іс-шаралары өтеді
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:57
Айт намазының кестесі жарияланды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Петропавлда 37 жастағы азамат өзіне қол жұмсады
Оқиға • Бүгін, 12:33