Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жаңа талаптарға сәйкес, көлікті арнайы белгіленбеген орындарға қоюға тікелей тыйым салынады, ал ережені бұзғандарға 1,2 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Көлікті қай жерлерге қоюға болмайды?
Жаңа қағида бойынша тұрғын үй аулаларында көлік тұрағына тыйым салынған орындар нақты көрсетілген:
тротуарлар балалар және спорт алаңдары жасыл желек егілген аумақтар мен көгалдар қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдар және олардың маңы көлік қоюға арналмаған кез келген басқа жерлер
Құжат аула мен ортақ пайдаланылатын аумақтарды жоспарлау кезінде көліктердің көгалдарға кіріп кетуіне жол бермейтін физикалық бөгеттерді қарастыруды міндеттейді. Алайда аулаішілік және кварталішілік жолдарға бетон блоктар, бағаналар, қоршаулар сияқты кедергілерді өз бетінше орнатуға тыйым салынады. Мұндай шешім тек жергілікті атқарушы органдардың аумақты жобалау кезінде құзыретіне кіреді.
Олжас Құспеков: Шлагбаумдар мен ретсіз автотұрақ адам өліміне себеп болып жатыр
Айыппұл көлемі қанша?
Елімізде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған:
Жеке тұлғаларға:
бірінші рет – ескерту немесе 20 АЕК (86 500 теңге) қайталаған жағдайда – 30 АЕК (129 750 теңге)ҮЕҰ және шағын бизнес өкілдеріне:
бірінші рет – 30 АЕК (129 750 теңге) қайталаған жағдайда – 40 АЕК (173 000 теңге)Орта бизнеске:
бірінші рет – 40 АЕК (173 000 теңге) қайталаған жағдайда – 50 АЕК (216 250 теңге)Ірі бизнеске:
бірінші рет – 100 АЕК (432 500 теңге) қайталаған жағдайда – 300 АЕК (1 297 500 теңге)Еске салайық, биыл наурыздан бастап хаттама толтыру құқығы тек полицияға ғана емес, әкімдік қызметкерлеріне де беріледі.
Айта кетейік, Былтыр жыл соңында елордадағы барлық автотұрақ қала меншігіне өткен болатын. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.