Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

30.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанда медициналық білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа өзгерістер қарастырылып жатыр. Енді 2022 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына түскен түлектер резидентураны міндетті түрде өтпей-ақ жұмысқа кірісе алады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл бастама жас дәрігерлердің науқастармен ертерек жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, олардың клиникалық тәжірибесін күшейтуге бағытталған. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатыр.

Жаңа тәртіпке сәйкес, 2022 жылдан кейін оқуға түскен студенттер интернатураны аяқтаған соң алты негізгі бағыт бойынша жұмыс істей алады. Олар – жалпы дәрігерлік практика, терапия, педиатрия, хирургия, акушерлік және гинекология, сондай-ақ балалар хирургиясы.

Ал 2022 жылға дейін оқуға түскен студенттер үшін бұрынғы талаптар сақталады – олар қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқуды аяқтайды.

Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді

Министрлік өкілдері бұл реформаның қажеттілігін қолданыстағы дайындық жүйесінің шектеулерімен түсіндірді. Қазіргі модельде оқу ұзақтығы 6 жылды құрағанымен, тәжірибелік дайындық деңгейі жеткіліксіз деген мәселе бар. Сонымен қатар, түлектер резидентурадан өтпейінше дәрігер ретінде жұмысқа кірісе алмайды, ал резидентура грант саны шектеулі болғандықтан, бұл жағдай түлектердің бір бөлігінің еңбек нарығына бірден шығуына кедергі келтіреді.

Осыған байланысты жаңа модельде интернатураның рөлі күшейтіледі. Ол енді формалды кезең емес, нағыз клиникалық практикаға айналады: интерндер дәрігердің жетекшілігімен науқастарды емдеуге қатысып, медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізеді және еңбекақы алады.

Резидентура сақталғанымен, оның қызметі өзгереді – ол тар бағыттағы мамандану кезеңіне айналады.

Бұл өзгерістер дәрігердің кәсіби дамуын жүйелендіріп, жас мамандардың денсаулық сақтау саласына ертерек келуіне жол ашады. Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға ықпал етеді.

Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған

Соңғы жаңалықтар

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі

Қоғам • Бүгін, 22:43

Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды

Өшпес даңқ • Бүгін, 22:09

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады

Экология • Бүгін, 21:33

Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді

Оқиға • Бүгін, 21:06

Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі

Қаржы • Бүгін, 20:33

Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді

Инвестиция • Бүгін, 20:11

Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?

Қаржы • Бүгін, 19:53

Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 19:33

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты

Оқиға • Бүгін, 18:59

Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды

Оқиға • Бүгін, 18:34

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан

Денсаулық • Бүгін, 17:58

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью