Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақпан айында мамандар білім беру ұйымдарына ескертпестен тексеріс жүргізуді бастайды.
Сәйкесінше қадағалау мен бақылау күшейеді. Себебі соңғы жылдары тамақтан ұшынып, буллингке ұшыраған бала көп. Бүгін Үкімет үйінде жасөспрімдердің құқығын қорғайтын «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды. Жаңа құжатта қандай жаңашылдықтар бар?
Елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Себебі бүгінгі білім қуған жеткіншек ертең ел тізгінін ұстайтын азаматқа айналуы мүмкін. Ол үшін әуелі баланың құқығы мен мүддесі қорғалуы қажет. Бүгінгі құжаттың маңыздылығы да осында. Ресми дерек бойынша елдегі халықтың 3/1-і жасөспірімдер. Олардың болашағын жарқын ету үшін жасалған тұжырымдамада 158 іс-шара көзделген. Жүзеге асыруға 1,3 трлн теңге жұмсалмақ.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Балалардың негізгі құқықтарын қамтитын төрт бағыттан тұрады. Олар балалардың қауіпсіздігі, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары.
Тұжырымдамағы жаңашылдықтарға тоқталсақ. Енді мектептерде педагог-психолог сағаты енгізіледі. Буллингке ұшыраған оқушыларға арналған кабинеттер ашылмақ. Бас ұстаз ерекше балаларға бұрыңғыдан да көбірек көңіл бөлінетін болады дейді. Яғни инклюзивті біліп беру саласы одан әрі жаңғырмақ. Сондай-ақ ата-аналар мен, балаларды асырап алушылардың жауапкершілігі күшейеді.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Сонымен бірге арнайы ұйымдардың қызметі лицензияланатын болады. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ауыл мен қаладағы бала арасында алшақтық болмауы керек. Бірақ көптеген шалғайдағы жеткіншіктер тың мүмкіндіктен айырылып отыр дейді Бектенов. Бірқатар ауылдағы жасөпірім үйірмелер мен заманауи технологиялардан тыс қалған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі істер министрліктері мен өңір әкімдіктері арасындағы ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет.
Туризмнің тұралаған тұстары белгілі болды
Үкімет отырысында туризм саласы да сөз болды. Қазақ даласына табаны тиген шетелдіктер саны 10 млн-нан асыпты. Туризмі түлеген мемлекеттер арасында 66-шы орыннан 52-ші орынға көтерілдік. Енді мақсат - ТОП-50-ге ену. Бірақ енеміз деп жүргенде кері кетпесек болар еді. Себебі елдегі барлық курорттық аймақта дерлік қоқыс полигоны жоқ. Тексеріс нәтижесінде қарапайым қоқыс контейнері мен дәретханалардың тапшылығы анықталды. Қауіпсіздік деңгейі төмен, абаттандыру жұмыстары әлсіз.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Туристік аумақтар бойынша тиісті түзетулер қазір Сенатта қаралып жатыр. Ұлттық экономика министрлігіне өз қағидаларына өзгеріс енгізуді тапсыруды сұраймыз.
Миллиондаған туристі магниттей тартудың тың тәсілі жарнама жасау. Бұл жұмыстардың біраз бөлігі Қазақ туризм компаниясына жүктелген. Осында екі апта бұрын төраға болып тағайындалған Талғат Ғазизовқа, Үкімет басшысысы қадап тұрып тапсырма берді.
Турист – шетелден демалуға келген қалталы адам. Одан түсетін табыс аз емес. Бұл іске немқұрайлы қарауға болмайды. Үкімет басшысы жазғы туристік маусым басталғанға дейін министрлік мен әкімдіктер демалушыларға барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды.