Енді мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу цифрлық форматта жүзеге асырылады

08.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мәжіліс екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңды жаңа редакцияда, ілеспе түзетулермен қабылдады. Құжаттар Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген, деп жазады Egemen.kz.

Заңда мемлекеттік қызметшілерге және олардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптар айқындалды. Олардың ішінде патриотизм, кәсібилік, ашықтық, әдептілік, мінсіз бедел және құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік қамтылады. Бұдан басқа, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру көзделеді. Ол үшін мемлекеттік қызметке түсуге дайындық институты енгізіледі. HR-процестерді цифрландыру үшін үміткерлерді толығымен цифрлық форматта «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы іріктеу жоспарланған.

Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады

Бұл ретте жаңарған заңда мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тартуға және ұстап қалуға бағытталған нормалар көзделген. Осылайша, үш жылда кемінде бір рет жалақыны индекстеу тетігі белгіленеді. Үстеме жұмыс уақытында, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін өтемақы төлеу, жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін жағдай жасау және басқа да шаралар қарастырылған. Жұмыс уақытының режимі де реттеледі. Атап айтқанда, қалыпты жұмыс ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек, ал кей санаттағы қызметшілер үшін жұмыс уақыты қысқарады.

ЖИ және мемлекеттік қызметтер: AlemGPT сервисінің мүмкіндіктері қандай?

Соңғы жаңалықтар

Үй жануарларын чиптеу: Жануарлар туралы жаңа заң бойынша иелердің жауапкершілігі күшейтіледі

Қоғам • Бүгін, 13:03

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 12:53

Алматыда суретші Мадина Мұхтарованың шығармашылық көрмесі ашылды

Руханият • Бүгін, 12:43

Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Бүгін бозкілемге кімдер шығады?

Спорт • Бүгін, 12:39

Банктер мен байланыс операторларының атынан жалған хабарламалар жіберген алаяқтар ұсталды

Қаржы • Бүгін, 12:20

«Медеу» паркімен шекаралас 288 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қоғам • Бүгін, 12:19

Еліміздегі псевдопсихологтарға айыппұл енгізілуі мүмкін

Парламент • Бүгін, 12:03

Қазақстанда әр сағат сайын бес адамды ит қабады

Қоғам • Бүгін, 11:59

Жанарбек Әшімжан: Ақылгөй коучтартардың сабағы отбасында шырғалаң тудырып отыр

Қоғам • Бүгін, 11:50

Психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі

Қоғам • Бүгін, 11:35

Қазақстанда психологтардың қызметі заңмен реттеледі

Оқиға • Бүгін, 11:32

Александр Бублик Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады

Теннис • Бүгін, 11:16

Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді

Қоғам • Бүгін, 10:59

Мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Білім • Бүгін, 10:45

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Экономика • Бүгін, 10:33

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью