Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Елордада ревматологиялық ауруларды емдеуге арналған алғашқы мамандандырылған орталық іске қосылды. Жаңа нысан науқастарға стационарлық көмекті қолжетімді етіп, ұзақ кезек мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Астана әкімдігі
Ревматология орталығы «Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар» орталығының базасында ашылды. Бұған дейін Астанада бұл бағытта арнайы стационар бөлімше болмаған.
Орталық басшысы Анна Цепкенің айтуынша, жаңа бөлімшенің іске қосылуы – қалалық денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам.
«Енді буын ауруларына шалдыққан науқастарға медициналық көмек әлдеқайда қолжетімді болады. Күту мерзімі қысқарып, заманауи ем-дом тәсілдері кеңінен қолданылады», деді ол.
Бұған дейін пациенттер ауруханаға жату үшін 6-7 айға дейін кезек күтуге мәжбүр болған. Соның салдарынан көп жағдайда науқастар тек шұғыл жағдайда ғана стационарға түсіп, базистік және гендік-инженерлік биологиялық терапияны дер кезінде алу мүмкіндігі шектелген.
Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, емдеуді ұзақ күту аурудың асқынуына және мүгедектік деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Жаңа орталық осы түйткілдерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.
Орталықтың ашылуы мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттырып, ауруханаға жату және кеңес алу уақытын қысқартады, сондай-ақ заманауи емді дер кезінде тағайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аурудың асқынған түрлерін азайтып, дәрігерлердің мультидисциплинарлық тәсілді қолдануына жол ашады. Бұл өз кезегінде науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Ревматологиялық аурулар – буын мен бұлшық етті зақымдайтын созылмалы дерт. Мұндай сырқаттарды тиімді емдеу үшін ерте диагностика, тұрақты бақылау және заманауи терапияны уақытылы қолдану аса маңызды.
Соңғы жаңалықтар
Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен
Оқиға • Бүгін, 21:54
Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 21:26
Мереке • Бүгін, 21:00
Президент стенд атудан әлемдік рекордты жаңартқан Әсем Орынбайды құттықтады
Президент • Бүгін, 20:56
Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы ұсталды
Есірткі • Бүгін, 20:15
Қажымұқан Мұнайтпасовтың 155 жылдығы: Алматыда халықаралық турнирге 700-ден астам балуан қатысады
Күрес • Бүгін, 19:53
ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Экология • Бүгін, 19:21
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Заң • Бүгін, 17:50
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43