Енді сарбаздар әскери бөлімнен шықпай ақ бургер мен пиццаға тапсырыс бере алады

25.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: istockphoto.com

Терминалдар мен планшеттер арқылы сарбаздар күнделікті қажетті тауарларға, азық-түлікке, жеңіл тағамдарға және дайын асқа тапсырыс бере алады. Тапсырыстар әскери бөлім аумағына тегін жеткізіледі.

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар қайтыс болды

Ұсынылатын өнімдер қатарында ыстық тағамдар да бар. Атап айтқанда, әскери қызметшілер бәліш өнімдеріне, бургерлер мен пиццаға тапсырыс бере алады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл сервис әскери қызмет жағдайын барынша жайлы етуге бағытталған. Пилоттық жоба сәтті аяқталған жағдайда, оны еліміздің басқа да әскери бөлімдеріне енгізу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью