Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: istockphoto.com
Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа талаптар шағын елді мекендерге апаратын жолдарға қолданылады.
«Жаңа нормаларға сәйкес, шағын елді мекендерде қиыршық тас және гравий жабындарын, сондай-ақ топырақты нығайту технологияларын пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл ретте жолдың техникалық санаты өзгеріссіз қалады», делінген министрлік хабарламасында.
Өзгерістер халықаралық көлік дәліздеріне, стратегиялық нысандарға, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік маңызы бар мекемелерге апаратын жолдарға қолданылмайды.
Мамандардың айтуынша, бұл шешім бюджет шығынын 20-40 пайызға дейін төмендетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында 10-сынып оқушысы тұрмыстық пластик қалдықтары арқылы асфальт төсеудің жаңа тәсілін ойлап тапқан еді.