Енді статистикалық деректерді AI Stat сервисі арқылы алуға болады

04.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Цифрлық трансформация аясында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жасанды интеллектке негізделген виртуалды көмекші «AI Stat» сервисін іске қосты. Жаңа жүйе статистикалық ақпаратпен жұмысты жеңілдетіп, пайдаланушылардың жүктемесін азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сервис статистикалық есептілікті тез түсінуге, қажетті деректерді жылдам табуға және Бюро қызметтерін байланыс орталығына жүгінбей-ақ пайдалануға мүмкіндік береді.

Пилоттық кезең және жетілдіру

Жоба 2026 жылдың сәуір айында пилоттық режимде іске қосылған. Тестілеу нәтижелері бойынша сервис жетілдіріліп, білім базасы кеңейтілді, сұраныстарды өңдеу алгоритмдері жақсартылды, жауаптардың дәлдігі мен толықтығы артты.

«AI Stat» Бюроның цифрлық экожүйесіне толық интеграцияланған және респонденттер мен пайдаланушыларға ыңғайлы болуға бағытталған. Ол бір интерфейс арқылы кеңес беру, деректер бойынша навигация және есептілікке қатысты қолдау қызметін біріктіреді.

Сервистің негізгі мүмкіндіктері

Виртуалды көмекші диалог форматында жұмыс істеп, пайдаланушыны негізгі процестерде сүйемелдейді. Атап айтқанда, ол:

статистикалық есептілік бойынша кеңес береді; есеп формаларын толтыруға көмектеседі; қателіктердің алдын алуға ықпал етеді; деректерді іздеу мен цифрлық сервистерде навигацияны жеңілдетеді, соның ішінде «Респондент кабинетімен» жұмыс істеуге көмектеседі.

Сонымен қатар, жүйе БСН немесе ЖСН бойынша міндетті статистикалық формалардың тізімін автоматты түрде қалыптастырады, қызмет түріне қарай ЭҚЖЖ кодтарын ұсынады және қажет болған жағдайда байланыс орталығына өтініш жолдайды.

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді

Осылайша, «AI Stat» алғашқы қолдау деңгейіндегі қызметті атқарып, операторлардың жүктемесін азайтады және пайдаланушыларға ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді.

Цифрлық дамудың жаңа кезеңі

Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, бүгінде пайдаланушылар деректерге жылдам әрі оңай қол жеткізуді күтеді. «AI Stat» осы сұранысқа жауап беретін және мемлекеттік секторда жасанды интеллект шешімдерін дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Әлемдік сарапшы Ли Кай Фу Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді

Сервис қазірдің өзінде екі тілде қолжетімді. Алдағы уақытта оның ағылшын тіліндегі нұсқасын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны дамыту аясында функционал кеңейтіліп, жаңа қолдану сценарийлері енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?

Ата заң • Бүгін, 17:02

Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан

Оқиға • Бүгін, 16:53

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Президент • Бүгін, 16:40

Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 16:38

Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды

Президент • Бүгін, 16:33

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты

Қазақстан • Бүгін, 16:30

Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды

Оқиға • Бүгін, 16:19

Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт

Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10

Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 15:53

Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі

Мереке • Бүгін, 15:43

Тоқаев Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентімен кездесті

Президент • Бүгін, 15:35

Алдағы уақытта жасанды интеллект өнеркәсіпке енгізіледі

Президент • Бүгін, 15:22

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады

Президент • Бүгін, 15:20

Атлант мұхитында 3 адам сирек кездесетін вирустан көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 15:15

Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады

Президент • Бүгін, 14:58

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью