Енді жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді

06.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мәжіліс  жол қауіпсіздігін күшейтуге және жеке деректерді қорғауды жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, енді жедел жәрдем көліктері, мемлекеттік органдардың автокөліктері және қоғамдық тасымалдаушылар жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркейтін сертификатталған құрылғылармен жабдықталады. Бұл жолдағы тәртіпті бақылауды күшейтіп, құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы жүргізушілерді даярлау жүйесіне де жаңа талаптар енгізеді. Енді автомектептер тек арнайы рұқсат алған жағдайда ғана жұмыс істей алады. Ол үшін оқу орнының материалдық-техникалық базасы, арнайы оқу алаңы, көлік құралдары және білікті оқытушылар құрамы болуы міндетті.

Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?

Сонымен қатар, рұқсат алған автомектептердің мемлекеттік тізілімі жасалады. Оны Ішкі істер министрлігі жүргізеді. Белгіленген талаптарға сай келмеген оқу орындары бұл тізімге енгізілмейді және қызмет көрсету құқығынан айырылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында төленбеген айыппұлы немесе айыппұлды төлеу туралы нұсқамасы бар азаматтарға кейбір мемлекеттік қызметтерді алу шектелуі мүмкін.

Заң жобасының тағы бір маңызды бағыты – дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздік. Жаңа нормаларға сәйкес, жеке мәліметтермен жұмыс істейтін операторлар өңделетін ақпарат көлемі мен қауіп деңгейіне қарай шағын, орта және ірі санаттарға бөлінеді. Осыған байланысты оларға қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Әсіресе көп көлемде немесе қолжетімділігі шектеулі ақпаратпен жұмыс істейтін ірі операторларға қатаң талаптар белгіленеді.

Сондай-ақ, таралып кеткен дербес деректердің арнайы тізілімі құрылмақ. Соның арқасында Қазақстан азаматтары өзіне қатысты қандай мәліметтердің ашық қолжетімділікке шығып кеткенін тексере алады. Бұл азаматтарға жеке ақпаратын қорғау үшін дер кезінде шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Бұдан бөлек, ашық жариялануы міндетті құжаттардағы жеке мәліметтерді қорғау талаптары күшейтіледі. Мысалы, сот шешімдері немесе мемлекеттік сатып алуға қатысты құжаттар жарияланған кезде дербес деректердің бір бөлігі жасырылып, хештеу тәсілі қолданылуы тиіс.

Операторлар арасында дербес деректер алмасу барысында да ақпаратты міндетті түрде шифрлау талабы енгізіледі. Бұл жеке мәліметтердің заңсыз таралу қаупін азайтып, азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Жеке деректеріңіз таралып кетті ме? Енді оны арнайы тізілім арқылы тексеруге болады

Парламент • Бүгін, 11:05

Ормұз дағдарысы әлемдік әуе қатынасын қысқартты: 13 мың рейс тоқтатылды

Әлем • Бүгін, 11:02

Сенсация: «Арсенал» 20 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шықты

Футбол • Бүгін, 10:55

20 жастағы жігіт құрылыс алаңында қолынан айырылды: Жұмыс беруші кінәлі деп танылды

Оқиға • Бүгін, 10:47

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

Президент • Бүгін, 10:45

«Даму қоры» шалғай өңірлердегі бизнеске қолдауды күшейтеді

Кәсіпкер • Бүгін, 10:28

Парламентте Халық кеңесі туралы заң жобасы қаралады

Парламент • Бүгін, 10:24

Дональд Трамп Иранмен келісімге келу үшін әскери операцияны тоқтатты

Әлем • Бүгін, 10:20

Энергия жүйесі қысқа төтеп берді: Үкімет станцияларды жөндеуге және жаңғыртуға 384 млрд теңге бағыттайды

Үкімет • Бүгін, 10:12

Шаруаларға талап күшейеді: Топырақты бақыламаса, субсидия берілмейді

Шаруашылық • Бүгін, 10:00

Елордада LRT стансасынан өрт шықты

Елорда • Бүгін, 09:55

Такси үшін жаңа талап енгізілді: Енді апат болған жағдайда тасымалдаушыны анықтау жеңілдейді

Қоғам • Бүгін, 09:47

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 09:28

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:17

Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью