Енді жыл сайын 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз Тоқаев

16.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Президент республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

"Қазмедиа орталығының" студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.

"Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады", - деді президент.

Мемлекет басшысы бүгін дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындаған халыққа шынайы ризашылығын айтты.

"Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!" – деді Тоқаев.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью