Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Театр актрисасы Динара Нұрболаттың «LEP podcast» шоуында айтқан сөзі қызу талқыға түсті, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса анасына жасай алмаған жақсылығын енесіне жасағысы келетінін айтып, ағынан жарылды.
«Кейбір қыздар енемнің аяғын жуғым келмейді дейді. Неге? Мен мысалы, енемнің аяғын жуғым келеді. Батасын алғым келеді. Өйткені анамның аяғын көп жуа алмадым. Өзім шомылдырдым. Шетелге шығарамын деп едім, шығара алмадым. Енді анама жасаймын деген жақсылығымның бәрін енеме жасағым келеді», — дейді актриса.
Желі қолданушылары актрисаның бұл сөзіне таңданысын жасырмай, түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Несі бар, келіндерім қол-аяғымыздың тырнағын шын көңілімен алып, жуып, тазалап береді. Батамды беріп, әбден риза болып қуанып қаламын», «Мен де солай енеме жақсы келін боламын деп ойладым. Сол енеме қалай жағамын деп, көңілінен шығуға тырыстым. Бірақ ене біз ойлағандай, бола бермейді екен. Сізге көркем ене бұйырсын!», «Жарайсың! Үлкеннің батасын алған жақсы», «Енесі жоқ адамның сөзі», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.