Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауына жол берілмейтінін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, мораторий кезеңінде Үкімет нарықтық тетіктерді уақытша тоқтатып, бағаның өсуіне тосқауыл қойған. Ал 31 наурыздан кейін жанар-жағармай құю стансаларының қызметіне мемлекеттік араласу тоқтатылған жағдайда, баға ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.
Сонымен қатар Ерлан Ақкенженов 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Энергетика министрлігі жанар-жағармай нарығын тікелей реттемейтінін атап өтті.
– Бағаның күрт өсуіне жол бермейміз. Барлығы ел экономикасының қазіргі жағдайына сәйкес болады, – деді министр.