Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі интернет-аукцион өткізілетінін жария етті.
Ведомство 24 мұнай-газ учаскесін аукционға шығарады. Аукцион 2026 жылғы 18 қарашада өтеді. Өтінім 5 қазанды қоса алғандағы мерзімге дейін қабылданады. Олар электронды аукциондар операторы e-qazyna сайтында қабылданады.
Шартқа сәйкес, Каспий маңы шөгінді бассейнінің аумағында толық немесе ішінара орналасқан жер қойнауы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстары 5 мың метрге дейінгі тереңдікте жүргізілуге тиіс.
Аукцион жеңімпаздары келісімшарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде барлау жұмыстарының жобасын әзірлеуге міндетті. Сондай-ақ келісімшарт жасалған күннен бастап үш жыл ішінде 2D сейсмикалық барлау бойынша ең төменгі талаптарды орындауы және төрт жыл ішінде кемінде бір ұңғыманы бұрғылау жөніндегі ең төменгі талаптарды орындауға тиіс.