Энергетика министрлігі Көмір генерациясын дамытудың ұлттық жобасын әзірлеуге кірісті | Qaz…
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атап айтқанда, бұл жоспарға шамамен 7,6 ГВт көмір генерациялау жобалары енгізіледі.
– Экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, «таза көмір» технологиялары негізіндегі жаңа көмір генерациясы жобаларына ерекше назар аударамыз.
Жалпы қуаты 960 МВт болатын Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы 3 жылу электр орталықтары жобаларының аяқталу мерзімдері өзгермейді және олардың іске асырылуы министрліктің толық бақылауында, – деді Энергетика министрі Үкімет отырысында.
Әрбір жоба көмір генерациясын дамыту жөнінде әзірленіп жатқан Ұлттық жобада егжей-тегжейлі сипатталады және тіркелетін болады.
Сонымен бірге, министр 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып белгіленгенін және осы салада бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланғанын жеткізді.
– Жоғарыда айтылғандар негізінде министрлік деректерді өңдеу орталықтарының жоғары энергия сыйымдылығын ескеріп, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде қажет болған жағдайда ұлғайту жағына жаңа қуаттарды енгізу жөніндегі жоспарларды қайта қарайды, – деді Е.
Ақкенженов. Айта кетейік, Мемлекет басшысы V Ұлттық құрылтайда Үкіметке 20 наурызға дейін көмір өндірісін дамытудың ұлттық жобасын бекітуді
Читать полностью
Читать новость