Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
РЭС-2026 конференциясының екінші күні Қазақстанның энергетика саласындағы ауысымын қолдау мақсатында «QaJET» ұлттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі өзара түсіністік туралы құжатқа қол қойылды.
Меморандумға Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және ЕҚДБ-ның Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Өзхан қол қойды.
«QaJET» платформасының негізгі мақсаты – инвестицияларды тиімді тарту, мемлекеттік бастамаларды үйлестіру және Қазақстанның энергетика секторында төмен көміртекті жобаларды дамыту.
Қатысушылардың пікірінше, бұл платформа Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, елдің тұрақты және экологиялық таза даму стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылағанын жазған едік.