Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр

06.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 5 сәуірде Новороссийск портында болған оқыс оқиғаға байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр.

— Қолда бар ақпаратқа сәйкес, аталған жағдай қазақстандық мұнай экспортының көлеміне әсер еткен жоқ. Қазіргі таңда шикізатты магистральдық мұнай құбырлары арқылы қабылдау және тасымалдау штаттық режимде жүргізілуде. Экспорт жоспарлары кестеге сай орындалуда, — деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Айта кетелік Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай құю терминалында болған оқыс оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью