Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– Түзетулер еліміздің энергетикалық кәсіпорындарында қосымша қуаттарды іске қосуға және қолданыстағы қуаттарды қалпына келтіруге жағдай жасауға бағытталған. Негізгі өзгеріс – қайтарымды инвестициялардың жылдық лимитін ұлғайту, - делінген құжатта.
Жоспар бойынша, аталған бұйрыққа 2026 жылғы 1 наурызға дейін өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Бұл шаралар энергетика саласына инвестициялар тартуды күшейтіп, электр қуатының сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, энергетика нысандарындағы технологиялық процестерді басқару жүйелері жаңартылады.