Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 29 мамыр – Sputnik. "Теңізшевройл" өз нысандарының бірінде ақау табылғанын хабарлап, өндірісті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.
"28 мамырда "Теңізшевройл" компаниясы өз нысандарының бірінде шағын операциялық ақау пайда болды. Қазіргі уақытта компания өндірісті қалпына келтіріп жатыр", – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға компанияның баспасөз қызметі.
Компания өндірістік және коммерциялық қызмет бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме бермейтінін атап өтті.
Қазақстанның Энергетика министрлігі операциялық ақау мұнай өндірісінің уақытша төмендеуіне әкелгенін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта компания қажетті жедел шараларды қабылдауда, кен орнында өндіріс процесі қалпына келтіру сатысында тұр. Қызметкерлер, халық және қоршаған орта үшін ешқандай қауіп жоқ", – делінген хабарламада.
Ведомство жағдай бақылауда екенін жеткізді.
Бұған дейін Reuters агенттігі 26 мамырда болған апат салдарынан теңіздегі өндіріс көлемі төмендегенін хабарлаған болатын. Агенттік мәліметінше, өндіріс 125 мың тоннадан 5-10 мың тоннаға дейін азайған.