Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жұмыс барысында қолданыстағы басқару жүйелерінің цифрлық жетілу деңгейі талданды, технологиялық және ақпараттық тәуекелдер анықталды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, оларды одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.
Технологиялық параметрлерді зияткерлік мониторингілеу, жабдықтардың істен шығуын болжау, жұмыс режимдерін оңтайландыру және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Диспетчерлік басқару және кибертұрақтылықты қамтамасыз ету жүйелерінде үлкен деректер талдамасы мен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану тәсілдері қаралды.
Алынған нәтижелер басқару жүйелерін жаңғыртудың бірыңғай техникалық талаптарын әзірлеуге және Қазақстан Республикасының энергетика кешенінде зияткерлік шешімдерді ауқымдандыруға негіз болады.
Аталған іс-шараларды іске асыру апаттық жағдайларды азайтуға, энергия нысандарын пайдалану тиімділігін арттыруға және саланың заманауи цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық ынтымақтастықты күшейтуді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.