Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Энергетика министрлігі "Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану" кәсіби стандартын бекітті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Құжат "Кәсіптік біліктілік туралы" заңға сәйкес әзірленген және энергетика саласын цифрлық трансформациялауға қатысты заманауи кәсіби талаптарды қалыптастыруға бағытталған.
2026 жылға арналған кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жоспарына, сондай-ақ 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануына сәйкес, жобада жаңа мамандықтар қарастырылған. Олар:
1.
зияткерлік (ақылды) желілерді жобалаушы,2.
энергетикалық жүйелерге (Smart Grid) жасанды интеллектіні әзірлеу және енгізу жөніндегі инженер;3.
энергетикалық желілердің киберқауіпсіздігі жөніндегі маман.Аталған мамандықтар энергетика саласына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен кадр даярлау кезінде пайдаланылады.
"Кәсіби стандарт электр энергетикасы мен жылу энергетикасы салаларында қолданылады және цифрлық технологияларды, автоматтандыру және деректерді талдау жүйелерін енгізу мен пайдалануға, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеу мен қолдануға байланысты экономикалық қызмет түрлерін қамтиды", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, стандарт электр және жылу энергиясын өндіру, беру, сақтау, бөлу және тұтыну процестерін қамтиды.
Құжатта технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТП БАЖ), диспетчерлік және технологиялық басқару жүйелерін (ДТБЖ), Smart Grid технологияларын, цифрлық деректер мен ресурстарды, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қоса алғанда, заманауи цифрлық құралдарды пайдалану көзделген.
Сонымен қатар, кәсіби стандарт энергетика саласында цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін мамандардың біліміне, білігі мен дағдыларына қойылатын талаптарға қатысты бірыңғай тәсілдерді белгілейді.