Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қаңтарда болған технологиялық бұзушылықты (газ турбиналық қондырғыларының өшуі) толық анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.
Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, «KEGOC» және «Теңізшевройл» өкілдері кірді.
Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор (ТШО) тарапынан персоналды және жабдықты қорғау үшін қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданған.
- Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық тұрғыдан талдап жатыр. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланғаны туралы жаздық.
ТШО Теңіз және Королев кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатты.