Энергетика вице министрі жасанды интеллект негізіндегі басқару жүйесін ұсынды

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Вице-министрдің айтуынша, саланы дамытудың негізгі бағыты – жасанды интеллект негізіндегі бірыңғай зияткерлік басқару жүйесіне көшу.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026 жыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осыған орай, Энергетика министрлігі ашық әрі тиімді энергетикалық экожүйе қалыптастыруға бағытталған басым міндеттер кешенін әзірледі.

Электр энергетикасының цифрлық қаңқасы

2026 жылы Бірыңғай энергетикалық жүйе нысандарының цифрлық модельдері мен «цифрлық егіздері» жасалады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Б. Ілияс мәлімдеді.

– Біздің басты мақсат – процестерді жай цифрландыру емес, энергожүйенің зияткерлік моделін құру. Бұл жедел басқару сапасын арттырып, нақты деректерге негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік береді,- дейді ол.

Сондай-ақ вице-министр цифрландырудың стратегиялық маңызын да атап өтті. 

– Қазіргі жағдайда ОЭК-ті цифрландыру – технологиялық таңдау емес, елдің энергетикалық тұрақтылығын сақтау мәселесі, - деді Бақытжан Ілияс.

Министрлік мәліметінше, тікелей онлайн-мониторингті енгізу энергия өндіру көлемі мен шығындарды нақты уақыт режимінде бақылауға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде әділ тарифтік саясат қалыптастыруға және мақсатты инвестицияларды тартуға негіз болады.

Фото: Энергетика министрлігі

Мұнай-газ секторының трансформациясы

Стратегияда мұнай-газ саласына ерекше назар аударылған. Бұл бағытта өндіру және қайта өңдеу нысандарының цифрлық егіздерін жасауға басымдық беріледі.

Сонымен қатар мұнай мен мұнай өнімдерін ұңғымадан бастап тұтынушыға дейін толық қадағалау жүйе енгізіледі. Бұл шаралар аномалияларды, отын санаттарын ауыстыруды және көлемдердің сәйкессіздігін болдырмауды қамтамасыз етеді.

Фото: Энергетика министрлігі

Киберқауіпсіздік және мастер-жоспар

Басқосуда Энергетика вице-министрі отын-энергетика кешенін дамытудың кешенді мастер-жоспары әзірленіп жатқанын айтты.

Құжат электр энергетикасы мен мұнай-газ салаларының жұмысын болжамды сұранысты ескере отырып үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, министрлік жасанды интеллект шешімдерін енгізумен қатар сыни инфрақұрылым нысандарын қорғауды күшейтуде. Бұл барлық ОЭК объектілерінің кибер-физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, ұсынылған бастамалар «Digital Qazaqstan» жаһандық стратегиясының бір бөлігі саналады. Ведомоство жасанды интеллект технологияларын енгізу 2030 жылға қарай елдің жалпы ішкі өніміне 20 млрд долларға дейін қосымша үлес қосуы мүмкін екендігін алға тартады.

Бұдан бұрын елімізде энергетика саласында 4 мыңға жуық маман тапшы екенін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью