24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Павлодар облысы электр энергетикасын өндіру мен дамытудың флагманы. 2025 жылы өңір, елдегі жалпы көрсеткіштің 42%-ын өндірді.
Облысқа жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Олжас Бектенов Екібастұздағы бірқатар энергетикалық нысанды аралады. Елдің энергетика саласы кең ауқымды жаңғыртудан өтеді. Екібастұздың МАЭС-2 станциясында 3-ші энергоблоктың құрылысы басталды. Бұл энергия тапшылығын жойып, экономиканың дамуына серпін беретін маңызды жоба.
Өмірхан Салманов, «Екібастұз-МАЭС-2» АҚ Техникалық кеңесшісі:
- 2026 жылға 6000 млрд КилоВатт сағат жоспарланып отыр. Станциямыздың болашағы кеңейтілумен, 3-ші, 4-ші блоктың қондырғыларды орнатуға байланысты. Бір жағынан әр МегоВатт өседі, әр блокта 50 меговаттан, әр қондырғының қуаты 550 МегоВатт. 1100 меговатқа өседі, экологиялық қауіпсіздігі артады, сол мақсатта бүгін бүкіл станция жұмыс істеп жатыр.
Премьер-министрге Екібастұз МАЭС-1-де жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары таныстырылды. Жоба аясында отынмен қамтамасыз ету жүйесін қайта құру, жаңа түтін құбырын салу және ескісін бөлшектеу жоспарланған. Бұл өңірдің энергиямен қамтылу сенімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар генерациялық және желілік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде Ақсу МАЭС-тегі №7 энергоблокты реконструкциялау, энергия көздерін жаңғырту, жаңа технологиялар мен баламалы энергия жобаларын іске асыру мәселелері қарастырылд.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- Жалпы алғанда, көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларын салу және жаңғырту 7,6 ГВт жалпы қуатты қамтиды. Оның ішінде жаңа құрылыс көлемі 4,8 ГВт болса, 2,7 ГВт қуаттағы стансалар жаңғыртудан өтеді.
Павлодар облысының энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша облыс әкімі Асайын Байханов баяндады. Қазір өңірде осы бағытта 8 ірі жоба іске асырылып жатыр. Облыстың энергетика саласындағы үлесі 42 пайыз.
Асайын Байханов, облыс әкімі:
- Барлық бұл жобаларды қолға алып, іске асырғаннан кейін қазіргі 8,5 мың Мегаваттан қуаттылығы Павлодар өңірінің жалпы энергияның өндірісі 14 мың Мегаватқа жетеді. Бұл мемлекеттің жалпы көлемінен 50 пайызды құрайды. Ол жалпы бүгінгі 8,5 мың мегаваттан 65 пайыз өсімді көрсетеді.
«Богатырь-Көмір» кенішінің жылдық өндіріс қуаты 42 млн тоннадан асады. Тәулігіне 145 мың тонна көмір жөнелтіледі. Тұтынушылардың 77 пайызы – электр стансалары. Өнімділікті арттыру мақсатында кәсіпорын жасанды интеллектіні енгізіп, цифрландыруға кезең-кезеңімен көшеді.
Асылбек Нұрғалиев, «Богатырь көмір» ЖШС басқарма директоры:
- Көмірдің жиынтық баланстық қоры 2 млрд 377 млн тоннаны құрайды. Кәсіпорынымыздың өндірістік инфрақұрылымына 8 роторлы экскаватор, 48 шөміш гидравликалық экскаваторлар, 68 ауыр жүк автокөліктері және 12 конвейерлік желілер мен қайта тиегіштер кіреді. Қосымша серіктестігімізде цифрландыру және автоматтандыру бойынша жаңа технологиялар енгізілуде.
Екібастұзға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар негізгі міндетті айқындады. Электр станцияларындағы жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолау білдіруді тапсырды.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков