Энергия тапшылығынан қалай құтыламыз? Министрлік Ұлттық жоспардың жобасын таныстырды

09.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елімізде энергия тапшылығын жүйелі түрде шешу және электр стансаларының тозуын еңсеру мақсатында 2030 жылға дейінгі көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірленіп жатыр. Энергетика министрлігі бұл құжаттың жобасын сарапшылық қауымдастыққа дөңгелек үстел отырысында таныстырды. Ұлттық жоспар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Энергетика министрлігі

Министрлік дерегінше, жобаның бастапқы құны 8 трлн теңгеден асады. Құжат елдегі энергия тапшылығын жоюды, моральдық әрі физикалық тұрғыдан ескірген электр стансаларын жаңартуды көздейді. Жоспар инвестиция тарту, отын-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және кадрлық әлеуетті күшейту секілді өзара байланысты бағыттарды қамтиды.

«Ұлттық жоба саладағы барлық бағыттарды кешенді әрі жан-жақты дамытуға арналған. Бұл – инвестиция тартудан бастап, отын-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру мен кадрлық әлеуетті нығайтуға дейінгі теңдестірілген тәсіл. Мұндай жүйелі қадам экономиканың мультипликативтік әсерін күшейтіп, елдің тұрақты дамуына қызмет етеді», деді Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов.

Энергетика бағытындағы елеулі өзгерістер

6 жаңа станса және жаңғырту жұмыстары

Ұлттық жоспар аясында 6 ірі энергетикалық нысан салу көзделген. Олар – Екібастұз МАЭС-3, Курчатов, Көкшетау, Семей, Өскемен және Жезқазған қалаларындағы жаңа стансалар. Бұған қоса, қазір жұмыс істеп тұрған Екібастұз МАЭС-2 мен Ақсу МАЭС-ін техникалық жаңғырту жоспарланып отыр.

Жаңа жобаларды іске асыру үшін инвесторлар ашық тендер арқылы таңдалады. Ал қолданыстағы стансаларды жаңарту министрлікпен жасалатын инвестициялық келісімдер негізінде жүзеге асады. Бұл тәсіл жобаның ашықтығын қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді келісімдер шеңберінде тарифтердің болжамдылығын сақтауға және инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Таза көмір» және экологиялық тепе-теңдік

Министрліктің мәлімдеуінше, жобада «таза көмір» технологияларына ерекше басымдық берілген. Заманауи энергетикалық блоктар жоғары тиімділік коэффициентімен ерекшеленіп, экологиялық талаптарға жауап беруі тиіс.

«Біздің мақсат – моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген қуаттарды кезең-кезеңімен тиімділігі жоғары, заманауи энергетикалық блоктармен алмастыру. Бұл экология талаптары мен энергетикалық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді», деді Е.Ақкенжанов.

Гидроэнергетикалық әлеуетті қалай арттырамыз? Елімізде бірыңғай цифрлық платформа құрылмақ

Көмір, теміржол және кадр мәселесі

Жаңа қуаттарды тиімді енгізу үшін көмір өндіру көлемін арттыру және теміржол инфрақұрылымындағы өткізу қабілеті шектеулі учаскелерді жою маңызды. Осыған байланысты министрлік көмір өндірісін ұлғайту мен теміржол желісіндегі «тар тұстарды» жою мәселелерін қатар қарастырып отыр.

Ұлттық жоспардың әлеуметтік бөлігінде де нақты тетіктер бар. Онда персоналды қорғау шаралары, сондай-ақ «Отбасы банкпен» бірлесіп, энергетика саласы қызметкерлеріне арналған арнайы тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу көзделген.

Министрлік ұсынған барлық бастамалар мүдделі тараптармен жан-жақты пысықталғаннан кейін, көмір генерациясын дамытудың Ұлттық жоспары соңғы нұсқада бекітіледі. Бұл құжат Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, алдағы жылдардағы тұрақты дамуына негіз болмақ.

Атом энергетикасын қауіпсіз дамытудың жолдары қандай?

Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Қоғам • Бүгін, 14:44

19 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: «Актив Ломбард» иесінің былығы әшкере болды

Оқиға • Бүгін, 14:31

Су дипломатиясы бүгінге дейін қандай нәтиже берді?

Қазақстан • Бүгін, 14:26

«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды

Аймақтар • Бүгін, 14:14

Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз

Білім • Бүгін, 13:45

SOS сигналы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды

Қоғам • Бүгін, 13:13

Армрестлингтен әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді

Оқиға • Бүгін, 12:59

Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:50

Енді Ресейде жұмыс істеу қиындайды: Отандастарымыз үшін жаңа талаптар күшіне енбек

Оқиға • Бүгін, 12:44

Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:35

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

Президент • Бүгін, 12:30

Волонтерлік қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Қоғам • Бүгін, 12:25

600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру: Өңір медицинасындағы былықтың беті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 12:20

Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?

Қоғам • Бүгін, 12:12

Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 10%-ға азайған

Медицина • Бүгін, 12:02

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью