Енесін тонаған лудоман келін: Түркістан облысында ұрлық қылмысы әшкереленді

29.12.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Түркістан облысының тұрғыны үйінен алтын зергерлік бұйымдар мен ақшаның жоғалғанын айтып, полицияға арызданған. Кінәліні табу қиынға соққан жоқ, ұры алыстан келмепті, ол сол үйдің келіні болып шықты, деп жазады 29 желтоқсанда Otyrar.kz.

Тергеуші мәліметтері бойынша, әйел адам мамыр айынан бастап үйден зергерлік бұйымдар мен ақшаны жасырын түрде алып шығып отырған. Алтынды ломбардқа кепілге қойып, түскен қаражатты құмар ойындарға жұмсаған. Жалпы шығын көлемі 8,5 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін әлеуметтік желі арқылы жаңажылдық шырша сатып алмақ болған Қосшы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью