Энрике Иглесиас Қазақстандағы жанкүйерлеріне алғыс айтып, әсерлі жазба жариялады (видео)

07.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстандағы көрерменіне алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Испаниялық әнші Астанада және Алматыдағы Орталық стадионда концерт өткізген болатын. 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстандағы бірінші концертінде ерекше қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтып, концерттен үзінді видеолар жариялады.

«Қазақстан! Сені жақсы көремін! Қазақстандағы алғашқы шоуда мені осылай ыстық ықыласпен қарсы алғандарыңыз үшін тағы да рақмет!» — деген әсерлі жазба жариялады. 

Айта кетейік, әнші Қазақстандағы концертінде көрерменге қазақша «Сәлем!» деп қазақша амандасып, қазақ тілінде алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью